Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада ауыз су құбырын ұрлаған күдікті ұсталды

Қызылордада ауыз су құбырын ұрлаған күдікті ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

5 мамыр күні Қызылорда қалалық ПБ-ның Ақсай полиция бөлімшесіне мемлекеттік коммуналдық мекеменің басшыларының бірі арызданған болатын. Арызданушының айтуынша, түскі уақытта белгісіз біреулер мекемеге тиесілі полиэтиленді ауыз су құбырын және ауыз су бақылау құдығын ұрлап кеткен. Келтірілген материалдық шығын – 200 мың теңгеге жуық.

Ақсай полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізіп, кезекті тәулікте күдікті ретінде облыс орталығының тұрғынын құрықтады. Ол толықтай өз ісін мойындады. Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды. Айғақ заттары егесіне қайтарылды.

ҚР ҚК 188-бабының 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Күдіктінің осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы анықталуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру