Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада "Автобус" іс-шарасы кезінде ЖҚЕ бұзудың 442 дерегі анықталды

Қызылордада "Автобус" іс-шарасы кезінде ЖҚЕ бұзудың 442 дерегі анықталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

"Автобус" жедел-профилактикалық іс-шарасында барысында жолаушылар тасымалдауды жүзеге асырушылар тарапынан Жол жүрісі қағидаларын бұзудың барлығы 442 дерегі анықталды.
Оның ішінде жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдау қағидаларын бұзған - 45, тасымалдау кезінде жүргізушілердің еңбек және демалыс режимін бұзған бір жүргізушіге, заңсыз қайта жабдықтаған - 30, рейс алдындағы қарап тексеруден өтпеген - 17, міндетті техникалық байқаудан өтпеген - 55, көлік басқару кезінде ұялы телефон пайдаланған - 69 жүргізушіге қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Сонымен қатар белгіленген жылдамдықты асырған үш жүргізуші, маневр жасау ережесін бұзған - 56, ҚР-ның міндетті сақтандыру заңнамасын бұзған - 32,жолаушыларды заңсыз тасымалдаған - 10 жүргізуші анықталып, хаттамалар толтырылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру