Қызылордада «Автобус» іс-шарасы кезінде ЖҚЕ бұзудың 442 дерегі анықталды
Қызылордада «Автобус» іс-шарасы кезінде ЖҚЕ бұзудың 442 дерегі анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
«Автобус» жедел-профилактикалық іс-шарасында барысында жолаушылар тасымалдауды жүзеге асырушылар тарапынан Жол жүрісі қағидаларын бұзудың барлығы 442 дерегі анықталды.
Оның ішінде жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдау қағидаларын бұзған – 45, тасымалдау кезінде жүргізушілердің еңбек және демалыс режимін бұзған бір жүргізушіге, заңсыз қайта жабдықтаған – 30, рейс алдындағы қарап тексеруден өтпеген – 17, міндетті техникалық байқаудан өтпеген – 55, көлік басқару кезінде ұялы телефон пайдаланған – 69 жүргізушіге қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылды.
Сонымен қатар белгіленген жылдамдықты асырған үш жүргізуші, маневр жасау ережесін бұзған – 56, ҚР-ның міндетті сақтандыру заңнамасын бұзған – 32,жолаушыларды заңсыз тасымалдаған – 10 жүргізуші анықталып, хаттамалар толтырылды.