Қызылордада "Есептегі адам" профилактикалық іс-шарасы қорытындыланды
Қызылордада "Есептегі адам" профилактикалық іс-шарасы қорытындыланды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызылорда қаласы Полиция басқармасының қызметкерлері Қызылорда қаласы аумағында "Есептегі адам" профилактикалық іс-шарасын өткізді.
Естеріңізге сала кетейік, бұл профилактикалық іс-шара есепте тұрған адамдар тарапынан қайталанған қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған.
Қызылорда қаласы бойынша 2461 адам есепте тұр, оның ішінде профилактикалық есепте – 476, ал тізімдік есепте - 1985 адам.
Рейдтік барысында басқармада профилактикалық және тізімдік есепте тұрған 1325 адам мекен-жайлары бойынша тексерілді, олармен профилактикалық әңгімелесулер жүргізілді.
Бұдан басқа, іс-шараны өткізу кезінде 60 адамға қатысты қорғау нұсқамасы шығарылды.
"Есептегі адам" жедел алдын-алу іс-шарасы нәтижесінде 56 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.