Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада есірткі қылмысының алдын алу бағытында дөңгелек үстел өтті

Қызылорда қаласы прокуратурасының бастамасымен пошта жөнелтілімдері арқылы синтетикалық есірткілердің заңсыз айналымына жол бермеу мәселесіне арналған ведомствоаралық дөңгелек үстел өтті, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шараға Қызылорда облысы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері қатысты.

Кездесу барысында полиция қызметкерлері есірткі қылмыстарының алдын алу және жолын кесу бағытындағы жұмыстарды таныстырып, пошта жөнелтілімдері арқылы заңсыз заттардың таралуына жол бермеу бойынша бірлескен іс-қимыл мәселелерін талқылады.

Сонымен қатар полиция қызметкерлері кинолог мамандармен бірлесіп, пошта қызметкерлеріне практикалық түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, қызметтік-іздестіру иттері арқылы жөнелтілімдерді тексеру тәртібін көрсетті.

Іс-шара соңында тараптар өзара ынтымақтастықты күшейтуге бағытталған меморандумға қол қойды.

Заң мен тәртіпті сақтау, есірткінің заңсыз айналымына жол бермеу және қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз ету – баршамызға ортақ міндет.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру