Қызылордада есірткіге қарсы кешенді акция өтті
26 маусым – Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күнінде Қызылорда қалалық мәдениет және демалыс саябағында есірткіге қарсы кешенді акция өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz
Аталған күнге орай үлкен концерт өтті. Онда есірткіге қарсы насихатта ерекше көзге түскен азаматтар алғыс хаттармен және сыйлықтармен марапатталды.
Жиын соңында қатысушыларды концерттік бағдарлама күтіп тұрды, онда тақырыптық театр және би қойылымдары, сондай-ақ кинологиялық орталықтың қызметтік иттерінің жұмысы көрсетілді.
Концерттік бағдарламамен арнайы шақырылған қонақ, қазақстандық эстрада жұлдызы Мәди Қадыров өнерін көрсетті. Сонымен қатар, полиграфиялық есірткіге қарсы өнімдерді және балаларға арналған ойыншықтарды тарату ұйымдастырылды.
Айлықты өткізу кезінде облыстық ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ақпараттық-насихаттау жұмыстарын да ұйымдастырды. Облыс аумағында халық көп жиналатын жерлерде нашақорлық, қылмыстық жауапкершілік проблемалары туралы арнайы дайындалған плакаттар мен үгіт парақтары, сондай-ақ «сенім» телефоны туралы ақпарат ілінді.
Балалар мен жасөспірімдер арасында алдын алу іс-шаралары жүргізілді, кездесулер, спорттық іс-шаралар мен акциялар ұйымдастырылды.