Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлері есірткіге қарсы үгіт-насихат жұмысына қатысқаны үшін 10 адамды марапаттады

СҚО полицейлері есірткіге қарсы үгіт-насихат жұмысына қатысқаны үшін 10 адамды марапаттады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Солтүстік Қазақстанның полицейлері 26 маусым күні – Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне арналған айлықты аяқтады. Петропавлда Жеңіс саябағында қаланың шығармашылық ұжымдарының қатысуымен концерт өтті. Спорт мектебінің тәрбиеленушілері кёкушинкай-кан каратэ бойынша шеберлік сағатын өткізді. Ал кинолог-полицейлер мен олардың төрт аяқты көмекшілері түрлі жаттығуларды көрсетті. Тәртіп сақшылары иттерді үйрету тәсілдерін көрсетті, кейін қызметтік ит жасырылған есірткі иісінің имитаторын мүлтіксіз тауып алды. Кішкентай көрермендер полицейлердің көмекшілерімен қуана-қуана фотоға түсті.

Сахнада сөз сөйлеген СҚО Полиция департаменті бастығының орынбасары Руслан Назаров түрлі акциялар, спорттық сайыстар, флэшмобтар және басқа да профилактикалық іс-шаралардың жыл бойы тұрақты түрде өткізілгенін атап өтті. Іс-шараларға қатысқаны үшін полицейлер қоғам қайраткерлерін, еріктілерді және блогерлерді – 10 адамды марапаттады. Облыстық Полиция департаменті бастығы есірткіге қарсы стрит-артты жасаған суретші Мәдина Бакинаны марапаттады. Іс-шараларды ұйымдастыруға белсенді қатысқаны үшін депутат, “Аманат” партиясының жастар қанаты қоғамдық кеңесінің төрайымы Руфия Мұстафина ҚР ІІМ министрінің алғыс хатымен марапатталды.

Жалпы бір айдың ішінде ондаған іс-шаралар өткізілді. Кинокөрсетілімдер, ашық есіктер күні, кинологиялық орталыққа экскурсиялар – түрлі форумдарда тәртіп сақшылары өскелең ұрпақты синтетикалық есірткілердің қаупі, есірткі сатушылардың айлалы әрекеттері туралы ескертті.

Руслан Назаровтың айтуынша, айлықтың басты мақсаты – есірткіге қарсы күресте қоғамның жұмылуы аса қажет екенін көрсету болды. Есірткіні пайдаланып көруден айныту, қабырғадағы есірткі жарнамасын бояу, күмәнді адамдар немесе есірткі курьерінің жұмысын ұсынатын интернет-ресурстар туралы хабарлау – осындай шағын ғана қадамдар ортақ күреске қосылған үлес болып есептеледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру