Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырау облысында ІІО-ның бірқатар қызметкерлері марапатталды

Атырау облысында ІІО-ның бірқатар қызметкерлері марапатталды, – деп хабарлайды Polisia.kz

Атырау облысында Қазақстан полициясының құрылғанына 30 жыл толуына орай салтанатты іс-шара өткізілді. “Жастар” сарайында Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдарының құрылғанына 30 жыл толуына байланысты салтанатты іс-шара өткізіліп, арты полицейлердің мерекелік концертімен аяқталды. Іс-шара барысында ҚР Туы кіргізіліп, ҚР Әнұраны орындалды.

Ішкі істер органдарының қызмет барысында ерлікпен қаза тапқан полиция қызметкерлерін 1 минуттық үнсіздікпен еске алу рәсімі өтті. Атырау қаласы әкімінің орынбасары Емберген Самат Жұмабайұлы ІІО қызметкерлері мен ардагерлерін мерекемен құттықтап, Атырау облысы және қаласының әкімдерінің құттықтауларын жеткізе отырып, алғыс хаттарын табыстады.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Атырау облысы Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы мемлекеттік мекемесі бастығының міндетін атқарушы Бердах Артыков құттықтау сөзін айта отырып, қызметкерлер мен ІІО ардагерлеріне “Қазақстан полициясына 30 жыл” медалімен және грамота, алғыс хаттармен марапаттады.

Сонымен қатар, Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов бұйрығымен бірқатар қызметкерлер “ІІО Құрмет грамотасы”, “Құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін” медальдарымен марапаталды.

Марапаттау рәсімі аяқталған соң ҚР ІІМ Атырау облысы МКҚБ ММ ұжымы концерттік бағдарламасын бастап, қызметкерлер мерекеге арналған әндер шырқап, би билеп, арнау өлең-шумақтарын тарту етті.  “Атамекен” әнін ұжым қызметкерлері хормен орындап, мерекелік шараның нүктесін қойды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру