Қызылордада кәмелетке толмаған баланы тонаған екі жасөспірім ұсталды
Қызылордада кәмелетке толмаған баланы тонаған екі жасөспірім ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
31 наурызда Қызылорда қалалық Полиция басқармасына облыс орталығының тұрғынынан хабарлама түсті. Қаланың көпқабатты үйдің ауласында екі жасөспірім оның ұлының күртешесін, ақшасын, қол сағаты мен күміс сақинасын тартып алған.
Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде 2005 жылғы облыс орталығының екі тұрғыны күдікті ретінде ұсталды. Жасөспірімдер өз кінәларын мойындады.
Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабы 2-бөлігінің 3-тармағы (Адамдар тобы алдын ала сөз байласу арқылы жасаған тонау) бойынша сотқа дейінгі тергеп – тексеру амалдары жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайлары анықталуда. Кәмелетке толмағандар заңды өкілдерінің қадағалауына берілді.