Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада көліктен телефон ұрлаған күдікті ұсталды

Қызылордада көлік ішінен телефон ұрлаған 36 жастағы күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда қаласы полиция басқармасының жедел уәкілдері автокөліктен телефон ұрлаған 36 жастағы бұрын сотты болған азаматты ұстады. Оқиға 7 мамыр күні сағат 23:00 шамасында болған.

Reno Logan көлігінің ашық тұрғанын пайдаланған күдікті екі смартфонды ұрлап кеткен. Келтірілген шығын 200 мың теңгені құрайды.


Полицейлер хабарлама келіп түскен сәттен бастап қылмысты ашуға бағытталған қажетті шараларды жүзеге асырды. Күдікті телефонды сатып, ақшасын өз бас пайдасына жаратқан.

Қазіргі таңда оған қатысты Қазақстан Республикасы ҚК-нің 188-бабының 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр. Ұрлық қылмысына күдіктелген азамат уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру