Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлері жаңадан ашылған ауыл дүкенінен 70 литр алкоголь тәркіледі

СҚО полицейлері жаңадан ашылған ауыл дүкенінен 70 литр алкоголь тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылжар ауданындағы ауылдардың бірінде жаңадан дүкен ашылды, онда басқа тауарлармен қатар, жергілікті тұрғындарға сырадан бастап күшті сусындарға дейінгі таңдау болған. Ашылғаннан кейін учаскелік инспектор дүкен иесінен алкоголь саудасына рұқсат беретін лицензияны көрсетуді сұрады. Нәтижесінде рұқсат құжаттары болмай шықты. Полицейлер дүкен сөресінен 70 литр алкоголь өнімін тәркіледі.

ҚР ӘҚБтК-нің 463-бабы бойынша жиналған материал сотқа жіберілетін болады. Кәсіпкерге 25 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады. Айта кетерлік жайт, бұл ауданда болған бірінші жағдай емес – бұрын лицензиясыз сауда жасайтын басқа ауылдық дүкеннен 125 литр алкоголь тәркіленген болатын.

– Алкогольді бақылаусыз сату қылмыстар мен құқық бұзушылықтар жасауға жағдай жасайды, сондықтан алкогольге қарсы заңнаманы сақтау учаскелік инспекторлардың маңызды жұмыс желілерінің бірі болып қала береді. Жалпы, жыл басынан бері облыста 3 мың литрге жуық алкоголь заңсыз айналымнан тәркіленді, – дейді СҚО ПД ЖПҚ басқармасының бастығы Айдын Байматов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру