Қызылордада "Мас жүргізуші - қылмыскер!" іс-шарасы қорытындыланды
Қызылордада "Мас жүргізуші - қылмыскер!" іс-шарасы кезінде 1987 құқық бұзушылық дерегі анықталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Тамыз айының 10-16 аралығында өткен "Мас жүргізуші - қылмыскер!" жедел профилактикалық іс-шарасының жеті күнінде көлік құралдарының жүргізушілері тарапынан жол қозғалысы ережесін бұзудың барлығы 1987 дерегі тіркелді.
Оның ішінде, ҚР ӘҚБтК 571-бабы (Жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдау қағидаларын бұзу) бойынша- бес дерегі, 590-бабының 4-бөлігі (КҚ жалған және қолдан жасалған МТНБ басқару) бойынша - жеті дерек, 590-бабының 5-бөлігі (тонировка) бойынша - 73 дерек, 590-бабының 7-бөлігі (Заңсыз қайта жабдықтау) бойынша - 41 дерек, 591-бабы (ТҚ басқарған кезде телефон немесе радиостанция пайдалану) бойынша - 73 дерек, 593-бабының 1-бөлігі (Қауіпсіздік белдігін пайдалану) бойынша - 437 дерек, 596-бабының 3-бөлігі бойынша (Қозғалыстың қарсы жолағына шығу) - жеті, 599-бабы (Бағдаршамның тыйым салынған белгісінен өту) бойынша - 42, 600-бабы (Жаяу жүргіншіге басымдық бермеу) бойынша - 44 дерек, 606-бабы (Авариялық жағдай туғызу) бойынша - 19 дерегі, 608-бабы (КҚ мас күйде басқару) бойынша - 88 дерек, 612-бабының 1-бөлігі (КҚ басқару құқығы жоқ адамның басқаруы) бойынша - 230 деректері анықталып, 140 автокөлік айып алаңына қойылды.
Осындай іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.