Қызылорда облысында «Мигрант» ЖПІШ барысында 226 құқық бұзушылық анықталды
Қызылорда облысында «Мигрант» ЖПІШ барысында 226 құқық бұзушылық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Облыс аумағында 8-10 сәуір аралығында өткізілген «Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында 226 құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде шетел азаматтары жасаған 154 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді.
Шетелдіктердің болу ережелерінің сақталуын қамтамасыз етпеген ҚР-ның 72 азаматына қатысты әкімшілік шаралар көрілді.
– Құрметті облыс тұрғындары! Шет мемлекеттерден жұмыс жасауға келген шетел азаматтарын заңда көрсетілген мерзімде құжаттарын Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы заңдастырып, көші-қон заңнамасын бұзбай, жұмыс жасатқандарыңыз абзал. Заң талаптарын орындамай, өрескел бұзған жағдайда Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес шара көрілетіндігін ескертеміз.