Қызылордада полицейлер атыраулық алаяқ пен оның сыбайласын ұстады
Қызылордалық полицейлер алаяқтық жасады деген күдікпен 31 жастағы Атырау қаласының тұрғынын және оның сыбайласы аудан тұрғынын ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Бұл азаматша сыбайласы екеуі WhatsApp желісі арқылы «Атырау қаласындағы бір компаниясына жалақысы жоғары жұмысқа тұрғызып беремін» деген желеумен 11 тұрғынның сеніміне кіріп, әрқайсысынан 50 мың теңгеден банк есепшотына аудартып алған. Жәбіленушілерге жалпы келтірілген 550 мың теңгені құрады.
Алайда олар берген уәделерін орындамаған. Қазіргі таңда күдіктілер Арал аудандық полиция бөліміне жеткізіліп, оларға қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы қолданылды.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 2-бөлігінің 1-тармағына сәйкес (Екі немесе одан да көп адамға қатысты жасалған алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.