Танысының әмиянын қолды қылған 34 жастағы қызылордалық анықталды
Танысының әмиянын қолды қылған 34 жастағы қызылордалық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
9 қазан Қызылорда қалалық Полиция басқармасының кезекші бөліміне қала тұрғыны арызданған болатын. Оның айтуынша, 25 қыркүйек күні сағат 13:10 шамасында ауласының алдында қоңыр түсті әмияны түсіп қалған. Әмиян ішінде жеке куәлік, ақша және банкомат карточкалары болған. Оны сыртынан көрген жолаушы әмиянды жатқан жерінен ұрлап кеткен.
Орын алған ұрлықты ашу мақсатында полицейлер шұғыл әрекетке көшті. Тәжірибелі полицейлерден жедел-тергеу тобы құрылып, жан-жақты іздестіру жұмыстары жүргізілді. Көрген-білгендерден жауап алынды. Нәтижесінде, күдікті анықталып, ұсталды. Күдікті 34 жастағы азамат тергеп-тексеру барысында жәбірленушінің жақын танысы болып шықты. Жәбірленушіге келтірілген шығын 700 мың теңгені құрады.
Аталған дерек бойынша 188-бабы (Ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын ұрлау) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.