Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада полиция қызметкеріне қарсылық танытқан көлік жүргізушісі қамауға алынды

Қызылордалық жүргізуші полиция қызметкеріне қарсылық көрсетіп, оны өз көлігімен сүйреген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2020 жылдың 3 қарашасында «WhatsApp» желісінде ақ түсті «Lada Granta» маркалы автокөлігі жүргізушісінің полиция қызметкерін капотында шамамен 5-8 метрдей жерге сүйрегені туралы бейнежазба тарады.

Аталған деректі тексеру барысында 2020 жылғы 3 қарашада  сағат 15:45-те Қызылорда қаласы Полиция басқармасының патрульдік полициясы батальоны инспекторының 1984 жылы туған аудан тұрғыны айдап жүрген «Lada Granta» маркалы автокөлігін жол белгілерінің талаптарын сақтамағаны үшін тоқтатқаны анықталды.

Құжаттарды тексеру барысында жүргізуші полиция қызметкерінің заңды талаптарына бағынбай, оқиға орнынан өз көлігімен қашып кетуге тырысып, полиция қызметкерін капотында 5-8 метрдей жерге сүйреген.

Құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 601-бабының 1-бөлігі бойынша жол белгілерімен немесе жолдың жүру бөлігіндегі таңбалармен көрсетілген талаптарды сақтамағаны үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды.

Сондай-ақ 2020 жылғы 3 қарашада аталған факт бойынша көлік жүргізушісіне қатысты ҚР ҚК-нің 380-бабының 1-бөлігімен (Билік өкiлiне қатысты күш қолдану) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.

Жүргізуші  уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қызылорда облысының ПД Өзіндік қауіпсіздік басқармасы аталған факт бойынша қызметтік тергеу бастады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру