Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Сақшылар тұрғындарға алғыс айтты

Қаңтар оқиғасы кезінде Сексеуіл және Төретам кентінде жолаушылар пойызы бөгелген еді. Сол сәтте жергілікті тұрғындар жәрдем жасаған болатын. Осы орайда Ішкі істер министрлігінің Көліктегі полиция департаменті белсенді азаматтарды алғыс хатпен марапаттады, – деп хабарлайды Polisia.kz Qyzylorda TV-ге сілтеме жасап.

Еске сала кетсек, жаппай тәртіпсіздік кезінде Сексеуіл және Төретам станцияларында екі жарым мыңдай жолаушы жолда қалды. Жергілікті тұрғындар сын сәтте бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, жолаушыларды ыстық тамақпен, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз еткен еді. Белсенді азаматтарға Көліктегі полиция департаменті арнайы алғыс хат пен сый-сияпат табыстады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру