Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысында қоғамдық жұмысқа тартылған 73 сотталған қамауға алынды

Алматы облысында қоғамдық жұмысқа тартылған сотталғандар қамауға алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты пробация қызметкерлерінің жұмыс нәтижесінде 2021 жыл ішінде қоғамдық жұмысқа тартылған 73 сотталған қамауға алынған.

– Пробация қызметі бойынша жыл басынан қоғамдық жұмысқа тартылған 652 сотталған есептен өткен. Оның ішінен қоғамдық жұмысты орындаудан бас тартқан немесе жалтарып жүргендер қамаққа алынды, – деп атап өтті Алматы облысы бойынша пробация басшылық ету бөлімінің бастығы Рашид Ержігітов.

Сонымен қатар, жазадан жалтарып іздеуде болған 5 сотталған ұсталып, жазасы қамауға алуға ауыстырылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру