Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада пробация қызметі мен Жастар ресурстық орталығы меморандумға қол қойды

Қызылордада пробация қызметі мен Жастар ресурстық орталығы меморандумға қол қойды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің Жаңақорған аудандық пробация қызметі «Жаңақорған аудандық жастар ресурстық орталығы» КММ-мен бірлесіп пробация қызметінің есебінде тұрған 29 жасқа дейінгі жастармен жүйелі жұмыстар жүргізіп, жан-жақты толыққан тұлға болып қалыптасуына септігін тигізетін ынтымақтастық меморандумға қол қойды.

Меморандумның негізгі мақсаты – пробация қызметінің есебінде тұрған жастардың құқықтарын, бостандығы мен заңды мүдделерін құрметтей отырып, олардың түзелу жолына түсуіне қажетті жағдайлар жасап, атап айтқанда білім алуда, мамандықты меңгеруде, жұмысқа орналасуда, емделуде және де олардың жазаларды атқару кезінде жеке басының әлеуметтік, құқықтық және өзге де қорғалуын қамтамасыз ету.

– Бұдан бөлек, аталған меморандумның жастар арасынан еріктілер қалыптастырып, олардың өз азаматтық ұстанымдарын білдіріп, қоғамдық және қайырымдылық бағыттағы іс-шараларға белсене араласуында маңызы зор. Аудандық пробация есебіндегі тұратын азаматтар арасында 20-дан астам сотталған – 29 жасқа дейінгі жастар. Алдағы уақытта меморандум аясында шаралар өткізетін боламыз. Сотталғандармен жүргізілген шаралар олардың мінез-құлқының оң бағытта қалыптасуына ықпал етіп, қоғам алдында түзелуіне көмек берері анық, – дейді аудандық пробация қызметі бөлімшесінің бастығы Анарбек Искаков.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру