Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда ауа райының күрт өзгеруіне байланысты жол-көлік оқиғалары орын алуда

Атырауда ауа райының күрт өзгеруіне байланысты жол-көлік оқиғалары орын алуда, – деп хабарлайды Polisia.kz.

14 қаңтар күні сағат 08:10 шамасында Toyota Camry автокөлігін тізігіндеген 28 жастағы жүргізуші метеорологиялық жағдайды ескермей, Самал мөлтек ауданында орналасқан электр бағанасына соқтығысқан.

Одан басқа, 14 қаңтар күні сағат 10:00 шамасында А.Құнанбаев көшесі “Ландыш” аялдамасында
Daewoo көлігі мен жолаушылар автобусы метеорологиялық жағдайды ескермей, тайып кетіп,
ВАЗ-2114 көлігіне соқтығыс жасаған.

Осыған байланысты жолдардағы төтенше жағдайларды болдырмау үшін Атырау қаласы Полиция басқармасының патрульдік полиция қызметкерлері барлық жүргізушілерге жолда барынша сақтық танытып, қауіпсіз арақашықтықты сақтап, жылдамдық режимін төмендету керектігін ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру