Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысында жол апатынан жүргізуші мен 3 жолаушы зардап шекті

Ақтөбе облысында жол апатынан жүргізуші мен үш жолаушы зардап шекті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

13 қаңтарда сағат 17.00-де Мәртөк ауданы Жайсаң ауылы жағынан Ақтөбе қаласы бағытында келе жатқан ВАЗ-21014 автокөлігінің 42 жастағы жүргізушісі басты жолдағы көлікке жол бермей, нәтижесінде Ford Focus автокөлігімен соқтығысқан.

Жол апаты салдарынан ВАЗ-21014 автокөлігінің жүргізушісі мен үш жолаушы Мәртөк ауданының орталық аудандық ауруханасына жеткізілді.

ЖКО фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Полиция департаменті көлік жүргізушілерін ҚР ЖҚЕ қатаң сақтауға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру