Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде төрт ер адам кәсіпкерден 2,5 млн теңге бопсалаған 

Ақтөбеде төрт ер адам кәсіпкерден 2,5 млн теңге бопсалаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция бөліміне 37 жастағы кәсіпкер өтінішпен жүгінді. Жәбірленушінің айтуынша, өткен жылдың желтоқсан айының соңында Есет батыр көшесінде орналасқан жалдамалы пәтерде төрт адам зорлық-зомбылық көрсетіп, 400 мың теңге ақша қаражатын иемденіп, одан кейін 2,5 млн. теңге бопсалаған.

Полиция қызметкерлерімен жедел іс-шаралар өткізу барысында күдіктілер анықтап, ұстады.

Күдіктілерге қатысты ҚР ҚК-нің 194-бабымен (Бопсалау) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Аталған баптың санкциясында мүлкі тәркілене отырып, жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру