Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысында төтенше жағдай кезінде 308 құқық бұзушылық анықталды

Қызылорда облысында төтенше жағдай кезінде 308 құқық бұзушылық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бүгінгі таңда Қызылорда облысында төтенше жағдайға байланысты Полиция департаментінің жеке құрамы ерекше түрде жұмыс атқаруда.

Облыс бойынша төтенше жағдай режимін бұзған ҚР ӘҚБтК-нің 476-бабымен 220 азаматқа әкімшілік хаттамалар толтырылып, сот шешімімен оның жетеуіне ескерту берілсе, 37-не айыппұл салынды, 136-ы әкімшілік қамауға алынды.

Ал ҚР ӘҚБтК-нің 488-бабы бойынша (Қазақстан Республикасының бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы заңнамасын бұзу) 88 адам анықталып, сот шешімімен біреуіне ескерту, үшеуіне айыппұл, 72 адамға – әкімшілік қамаққа алу түріндегі тәртіптік шаралары көрілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру