Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада ҚАЖ қызметкерлері сала ардагерін Халықаралық қарттар күнімен құттықтады

Қызылорда облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №37 мекеме қызметкерлері Халықаралық қарттар күніне орай сала ардагерлерін құттықтады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Мекеме қызметкерлері ұзақ жылдар бойы ҚАЖ саласында қызмет етіп, зейнетке шыққан Иса Демесиновтің шаңырағына барып, мерекемен құттықтады. Ардагерге мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр тілеп, мекеме бастығының алғыс хатын табыстады.

Иса Демесинов ҚАЖ саласында 1995 жылға дейін үздіксіз қызмет етіп, зейнетке шыққан. Еңбек жолында қызметтік антына адал болып, жас мамандарды тәрбиелеуге де үлес қосты.

Бүгінде ардагер жас қызметкерлермен тәжірибесімен бөлісіп, ақыл-кеңесін айтып келеді.

— Саналы ғұмырын ҚАЖ саласына арнап, аянбай еңбек еткен ардагерлеріміздің еңбегі — кейінгі буын үшін үлкен өнеге. Осы мерекеде барша ардагерлерге зор денсаулық, ұзақ өмір, бейбітшілік пен амандық тілеймін, — деді мекеме қызметкері Аян Досанов.

Өз кезегінде ардагер мекеме басшылығы мен қызметкерлеріне көрсеткен құрметі мен қамқорлығы үшін алғыс айтып, жас мамандарға қызметте табыс тіледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру