Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада ҚАЖ қызметкерлері вакцина салдырды

Қызылордада ҚАЖ қызметкерлері вакцина салдырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазіргі таңда коронавирустық инфекцияның алдын алу мақсатында 2021 жылғы 1 ақпаннан бастап Қазақстан Республикасында екпе салдыру жұмыстары кезең-кезеңмен жүргізілуде.

Бүгін өз еркімен өтініш білдірген Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметкерлеріне «Спутник V» вакцинасы егілді. ҚАЖ департаментінің 17 қызметкері  өздерінің мекенжайы бойынша емханаға  барып, «Спутник V» вакцинасын салдырды. Вакцина салмас бұрын қызметкерлердің денсаулығы тексеріліп, екпе салынған соң жарты сағат бойы дәрігердің бақылауында болды.

ЗК-169/1 мекемесінің кадр саясат тобының аға инспекторы Әлназаров Айдос ҚАЖ қызметкерлері арасынан  алғашқы болып, вакцина салғызды. Жергілікті тіркелген мекенжайы бойынша үш қалалық емханаға барып, тиісті шараларды басшылыққа отырып, салдырған әділет майоры бұл жолы да көшбасшылық танытып, өзге қызметкерлерге үлгі көрсетті.

– Міне, мен жаңа екпе салдырдым. Екпе салдырғалы бері денсаулығымда еш өзгеріс орын ала қойған жоқ. Арнайы контигенттермен жұмыс жасайтын болған соң, бұл вакцинаны міндетті түрде салдыру  қажет деп есептеймінСондықтан да өзге азаматтарды да вакцина салдыруға шақырамын, – деді Айдос Әлназаров.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру