Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада пробация есебіндегі азаматтар ағаш отырғызды

Қызылордада пробация есебіндегі азаматтар ағаш отырғызды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда қалалық пробация есебіндегі азаматтар “Таза өлке” апталығы экологиялық акция аясында ағаш көшеттерін отырғызды. Белсенді жастар, пробация есебіндегі азаматтар, волонтерлік ұйым мүшелері және қала жанашырларының қатысуымен Облыстық жастар ресустық орталығы жанындағы “Жастар аллеясында” тал егу шарасын жүргізді.

Осы іс-шара барысында есептегі 15 сотталған жастар арасында ұйымдастырылған гір көтеру, арқан тарту, қол күрес сынды спорттық шарасына да қатысты.

– Ағаш отырғызу – сауапты іс. Біз де бүгін бір кісідей ағаш егу ісіне үлесімізді қосып, атсалысып жатырмыз. Спорттық шараға да қатысып жатырмыз. Пробация есебіндегілер бір команда болып, арқан тартуға қатыстық. Өзім қол күреске қатыстым. Жаза басып, жаңылсақ та, бізді осындай игі шараларға қатысуымызға ықпал жасап жүрген пробация қызметкерлеріне алғысымыз шексіз, – деді есептегі азамат.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру