Қызылордада ҚАЖ қызметкерлері вакцинацияның төртінші кезеңін қабылдады
Қызылордада ҚАЖ қызметкерлері вакцинацияның төртінші кезеңін қабылдады, – деп хабарлайды Polisia.kz
Қызылорда облысы ҚАЖ департаментіне қарасты ЗК-169/1 тергеу изоляторы қызметкерлері Qaz Vac вакцинациясын алуда.
Тергеу изоляторының қауырт жұмысына байланысты мекемеге № 6 қалалық емханасынан арнайы маман шақыртылды. Арнайы контигентпен тікелей жұмыс жасайтын жеке құрам уақыт тауып, кезекпен төртінші екпені қабылдауда.
– Мен вакцинацияның төртінші кезеңін алдым. Елімізде короновирустық инфекцияның әртүрлі сыйпатта таралуына байланысты Qaz Vac вакцинациясын өзім және жақындарымның денсаулығына қауіп төндірмеу мақсатында қабылдадым. Емханадан келген вакцинатор дәрігер Охотова Айгүл 3 күнге дейін суға түспеуім керектігін ескертті, – деді мекеменің кинолог маманы Ғ.Томаев.