Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО ПД-да білім объектілеріндегі бейнебақылау жүйесін Жедел басқару орталығына қосу мәселесі талқыланды

СҚО Полиция департаментінде білім объектілеріндегі бейнебақылау жүйесін Жедел басқару орталығына қосу мәселесі талқыланды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

СҚО Полиция департаментінде білім мекемелеріндегі бейнебақылау жүйелерін Жедел басқару орталығына қосу мәселесі бойынша жұмыс кеңесі өтті. Цифрландыру мәселесі Президенттің Қазақстан халқына арналған Жолдауында белгіленген болатын. Кездесуге полицейлер, білім өкілдері, облыс әкімдігі құрамындағы Цифрлық технологиялар басқармасының қызметкерлері қатысты.

Жұмыс кеңесін ашқан СҚО Полиция департаментінің бастығы Айдын Қабдұлдинов ҚР Ішкі істер министрлігі білім объектілеріндегі бейнебақылау жүйесін ЖБО-ға немесе полиция бөліністерінің кезекші бөлімдеріне 100% қосу бойынша тапсырманың жүзеге асырылуына баса назар аударатыны туралы атап өтті. Кеңесте барлық білім объектілерінің бейнебақылау жүйелерімен, дабыл түймесімен және мамандырылған күзетпен жабдықталуы қажет екені айтылды.

Бүгінгі таңда мектептердің барлығы дерлігі бұндай техникамен жабдықталмаған. Іс-шара ұйымдастырушылары оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде дабыл түймесінің болуы маңызды деп есептейді.

– Білім объектілерінде камералар балалардың қауіпсіздігін арттыру үшін орнатылады. Осы камералар келіп түскен сұрауларға тиімді әрекет етуге мүмкіндік береді. Бүгінде облыс полицейлері өңірдегі 200-ден астам мектепті қарай алады (4000-ға жуық камералар), – деді СҚО ПД Ақпараттандыру және байланыс басқармасының бөлім бастығы Михаил Золкин.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру