Қызылордада қоғамдық орындарды ластаған 1,5 мыңға жуық азамат жауапқа тартылды
Қызылордада қоғамдық орындарды ластаған 1,5 мыңға жуық жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызылорда қаласы полиция басқармасының тәртіп сақшылары қоғамдық орындарда, көшелерде жасалатын қылмыстардың алдын алу мақсатында рейдтік іс-шараларды тұрақты түрде өткізіліп келеді.
Жедел басқару орталығының бейнекамералары арқылы және жергілікті полиция қызметкерлерімен жыл басынан бері ортақ пайдаланылатын орындарды ластау дерегі бойынша 1486 тұрғынды анықтап, әкімшілік жауапкершілікке тартты.
Құқық бұзушыларға қатысты ҚР ӘҚБтҚ-нің 434-бабының 2 бөлігімен (Ортақ пайдаланылатын орындарды ластау) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
Өз кезегінде, Қызылордалық полицейлер жалпы пайдалану орындарын, саябақтарды ластау, оның ішінде белгіленбеген орындарда коммуналдық қалдықтарды шығару айыппұл салуға әкеп соғады. Қоғамдық орындарда адамның қадiр-қасиетiн және қоғамдық имандылыққа нұқсан келтіретін әрекетке жол беруге болмайтынын ескертеді.