Қызылордада «Құқық тәртібі» іс-шарасы барысында 10 қылмыс ашылды
Қызылордада «Құқық тәртібі» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында 10 қылмыс ашылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызылордалық полицейлер «Құқық тәртібі» жедел-профилактикалық іс-шарасының бір күнінде 10 қылмыс ашты. Облыс орталығында бұрын жасалған үш қылмыстың беті ашылды. Профилактикалық есепте тұрған 372 адам тексерілді.
Облыс бойынша барлығы 259 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.
Мәселен, ұсақ бұзақылықтың 15 дерегі тіркелсе, түнгі тыныштықты бұзудың – 12 дерегі анықталды.
Жол қауіпсіздігіне келер болсақ, жылдамдықты асырған 60 жүргізуші, көлікті мас күйде басқарған төрт жүргізуші, 21 жаяу жүргінші жол қозғалыс ережесін бұзған, барлығы заңға сәйкес жауапкершілікке тартылды.