Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да жазасын өтеп шыққан сотталған өз кәсібін ашты

ШҚО-да жазасын өтеп шыққан сотталған өз кәсібін ашып, қоныс колониясының сотталғандарын жұмыспен қамтамасыз етуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түрмеден босатылғаннан кейін сотталған мемлекеттік бағдарлама аясында бизнестің қысқа мерзімді курсын оқып, грантқа ие болған, содан кейін өз ісін бастады.
Бизнесін ашу үшін мемлекеттік грантты алғаннан кейін, ол ағаш бұйымдарын өндіру үшін қажетті құралдарын сатып алып, өз кәсібін дөңгелетіп әкетті.

Қазір ол ас үйге, жатын бөлмелеріне арналған жиһаздар жасайды. Өнімді қаланың және облыстың барлық сауда нүктелерінде сатады, сондай-ақ тапсырыс бойынша жұмыс істейді.

– Жазасын түзеу мекемесінде өтей отырып, ол түзеу мекемесінде жеке кәсіпкерлерде жұмысшы болып жұмысқа орналасты, онда басқа сотталғандармен ағаштан бұйымдар жасай отырып жұмыс істеді. 42,5 мың теңге көлемінде жалақы алды. Мекемеде ағаштан бұйымдар жасаудың негіздерін үйренді. Көріп отырғанымыздай, босатылғаннан кейін бұл оған пайдалы болды. Ол өз ісін ашты. Сонымен қатар, ол қоныс колониясында жазасын өтеп жатқан 12 сотталған адамды жұмысқа орналастырды. Оларды уақытылы жұмыспен және еңбекақымен қамтамасыз етіп отыр, – дейді мекеме бастығының орынбасары Дархан Биғазиев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру