Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкент полицейлері “Құрбан айт” мерекесінде рейд өткізді

Шымкенттік полицейлер “Құрбан айт” мерекесінде құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша рейд өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Еңбекші ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері қауіпсіздік шараларын күшейту мақсатында жүргізілген рейд барысында Шымкент қаласы Теріскей шағынауданы, 23а үйде орналасқан “Ықылас” медресесі карантиндік талаптарды сақтамай, жұмыс жасап жатқанын анықтады.

“Ықылас” медресесі құрбандық шалу рәсімін өткізіп, адамдарды қабылдаған. Сонымен қатар нысан қызметкерлерінің бір реттік бетпердені тақпағандары да белгілі болды.

Медресе әкімшілігінен түсініктеме алынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру