Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО полицейлері есірткі заттарын заңсыз сақтаған тұрғынды ұстады

Бородулиха ауданының полицейлері есірткі заттарын заңсыз сақтаған тұрғынды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың 27 маусымында Бородулиха ауданының полиция бөлімінің криминалдық полиция бөлімшесіне Жезкент кентінің 36 жастағы жергілікті тұрғыны өз үйінде жеке қолдануға арналған есірткі заттарын сақтайтыны туралы жедел ақпарат келіп түсті.Жедел-тергеу іс-шаралары мен тінту нәтижесінде ер адамның пәтерінен зат табылып, куәгерлердің қатысуымен тәркіленіп, мөр басылып, сараптамаға жіберілді.

– Зерттеу нәтижелері тәркіленген заттың жалпы салмағы 4,19 грамм болатын “кептірілген марихуана” есірткі екенін көрсетті, – деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы 2-бөлігіне сірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) сәйкес сотқа дейінгі тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру