Қызылордада «Құқықтық тәртіп» іс-шарасының екі күнінде 13 қылмыстың беті ашылды
Қызылордада «Құқықтық тәртіп» іс-шарасының екі күнінде 13 қылмыстың беті ашылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызылордалық полицейлер «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасының екі күнінде 13 қылмыс ашты. Облыс орталығында бұрын жасалған төрт қылмыстың беті ашылды. Профилактикалық есепте тұрған 659 тұлға тексерілді.
Облыс бойынша барлығы 615 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.
Мәселен, ұсақ бұзақылықтың 45 дерегі тіркелсе, қоғамдық орында масаң күйде болудың 46 дерегі, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта жүрудің – 72 дерегі анықталды.
Жол қауіпсіздігіне келер болсақ, көлік құралын басқару құқығынан айырылған үш жүргізуші, көлікті мас күйде басқарған 13 жүргізуші анықталған, барлығы заңға сәйкес жауапкершілікке тартылды.