Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

БҚО полицейлері бірнеше ұрлық фактілерін анықтады

Батыс Қазақстан облысында соңғы күндері бірнеше ұрлық фактілері орын алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

19 тамыз күні Бәйтерек ықшам ауданында салынып жатқан құрылыс алаңынан белгісіз біреулер құрылыс құралдарынан ұрлап кеткен. Полицейлер “ізін суытпай”  27 және 25 жастағы екі азаматты анықтап, ұстады.

Орал қаласындағы Ахмирова көшесіндегі дүкендердің бірінен 60 жастағы ер адам үстелде тұрған ұялы телефон жасырын ұрлап кеткен. Өзінің ұялы телефонын таба алмаған 27 жастағы А. есімді әйел дереу полицияға хабарлады. Қабылданған шаралар бойынша полицейлер күдіктіні ұстап, ұялы телефонды иесіне қайтарып берді.

Дәл осы жағдай қала орталығында орын алды. 24 жастағы қала тұрығыны дүкеннен 35 жастағы азаматтың ұялы телефонын ұрлап кеткен. Күдікті ұсталды, ұялы телефон иесіне қайтарылды.

Ал Жаңа Орда ықшам ауданындағы үйлердің ауласынан хабарласу үшін телефонын алып, ұрлап кеткен 30 жастағы А. есімді азамат ұсталды. Оқиға 15 тамыз күні түңгі 01:00-де орын алды. Ұялы телефон иесіне қайтарылып берілді.

Досмухамедов көшесіндегі кафелердің ұрлық фактісі орын алды. 19 тамыз күні түскі сағат 13:00 шамасында кафеден 33 жастағы А. есімді ер адамның рюкзагынан белгісіз біреу ұялы телефонын ұрлап кеткен. Жедел-іздестіру шаралары барысында 32 жастағы Орал қаласының М. есімді азаматы ұсталды. Ұрланған ұялы телефон тәркіленіп, иесіне қайтарылды.

18 тамыз күні сағат 18:10 шамасында 29 жастағы тұрғынның велосипеді ұрланған. Дереу полицияға арыз түсірген азаматқа полицейлер санаулы уақыт ішінде велосипедін қайтарып берді. Велосипедті ұрлаған күдікті құрықталды. Ол 27 жастағы қала тұрғыны болып шықты.

17 тамыз күні кешкі сағат 21:00-де белгісіз біреу 31 жастағы азаматтың велосипедін жол бойынан ұрлап кеткен. Қабылданған шаралар бойынша 25 жастағы Е. есімді ер адам анықталып, ұсталды.

Бөрлі ауданында 57 жастағы тұрғынға тиесілі пәтерде пәтер жалдап тұрған 33 жастағы азамат сол үйдің плиталы газы, ас үй жиһазы мен үстелін, ыдыс-аяқтарды ұрлап кеткен. Ұрланған мүліктер тәркіленді.

Қазіргі таңда ұрлық фактісі бойынша ҚР ҚК 188-бабы 1 және 3 бөлігіне сәйкес тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру