Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада сотталғандар арасында спорттық жарыс өтті

Қызылордада сотталғандар арасында спорттық жарыс өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

22 наурыз Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамына орай ЗК -169/4 мекемесінде жазасын өтеуші сотталған азаматтар арасында спорттық шара өтті. Қызылорда облыстық Спорт басқармасымен ЗК-169/4 мекемесінің бірлесе өткізген шараға 60 сотталған қатысып, жарыс көркін қыздырды.


Сотталған азаматтар арқан тартыс, гір көтеру сынды ұлттық спорт түрінен және кіші футболдан сайысқа түсті.

Сотталғандар арасында өзара команда құрып, арқан тартыстан төрт команда, кіші футболға төрт команда қатысты. 12 сотталған гір тасын көтеру жарысына қатысты. Шарада командалық есеп бойынша сайыс жеңімпаздарына кубок пен дипломдар табысталды.

– Осы мекемеде 2019 жылдан бері жазамды өтеп жатырмын. Мекемешілік шараларға белсене қатысамын. Бүгінгі спорттық шарада гір тасын 58 рет көтеріп, I-ші орынды иелендім. Ұйымдастырушыларға алғысым шексіз, – деді сотталған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру