Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада сотталғандарға психологиялық тренинг өткізілді

Қызылордада сотталғандарға психологиялық тренинг өткізілді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №60 мекемесінде сотталғандардың психологиялық жағдайын жақсарту, логикалық ойлау қабілетін дамыту және дұрыс шешім қабылдауға дағдыландыру мақсатында ойын терапиясы өткізілді.

Іс-шараны мекеменің психологиялық қамтамасыз ету тобының психологы Шынар Кульбаева ұйымдастырды. Ойын терапиясы барысында сотталғандарға түрлі логикалық тапсырмалар ұсынылып, оларды шешу арқылы ойлау қабілетін жетілдіруге және өз мүмкіндіктеріне деген сенімін арттыруға бағытталған жұмыстар жүргізілді.

Шараға қатысқан жазасын өтеушілер тапсырмаларды қызығушылықпен орындап, белсенділік танытты. Сотталғандар психологиялық тренингтен алған әсерлерімен бөлісті.

– Бұл ойындардың қарапайым уақыт өткізу емес, адамды ойландыруға және дұрыс шешім қабылдауға үйрететінін түсіндім. Кейбір тапсырмаларды орындау барысында өзіме деген сенімім артты. Шара соңында көңіл күйім көтеріліп, жақсы әсер алдым. Мекеме психологы бізге психологиялық тренингтерді жиі өткізеді. Барлық іс- шаралардан қалмауға тырысамын, – деді жазасын өтеуші.

Психолог Шынар Кульбаеваның айтуынша, ойын терапиясы сотталғандардың ішкі мүмкіндіктерін ашуға, логикалық ойлауын дамытуға және эмоционалдық жағдайын тұрақтандыруға ықпал етеді.

Шара соңында қатысушылар өз пікірлерін білдіріп, ойын барысында алған әсерлерімен бөлісті. Мұндай психологиялық жұмыстар сотталғандардың тұлғалық дамуына, жағымды мінез-құлық қалыптастыруына және қоғамға қайта бейімделуіне бағытталған маңызды шаралардың бірі болып табылады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру