Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада сотталғандарға құқықтық көмек көрсетілді

Қызылордада сотталғандарға құқықтық көмек көрсетілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

15 наурызда Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД-ның ұйымдастыруымен №60 мекемесінде жазасын өтеушілерге арналған ашық есік күні өтті. Шараға облыс прокурорының бірінші орынбасары Исламбек Төлегенов, Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қызылорда облысы бойынша өкілі Даурен Шарипбаев, ҚАЖ департаментінің бастығы Шаймерден Есенкелдиев, ҚАЖ департаментінің өзіндік қауіпсіздік тобының қызметкерлері, облыстық әділет департаменті басшысының орынбасарлары: Ұзақбай Оразгелді, Баукен Әлмеш, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Жангелді Шаймбетов және АХАТ секторының меңгерушісі Нұржамал Ескараева, сектор статисті Жадыра Шарапова, “Еңбек-Қызылорда” филиалы директорының орынбасары Ернұр Баудинов қатысты.

Түзеу мекемесінде сотталғандарға құқықтық көмек өткізудегі мақсат – сотталғандардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, олардың әлеуметтік бейімделуіне көмек көрсету. Сотталғандарды жеке сұрақтарымен қабылдау.

Қазіргі таңда ҚАЖ департаментінің №60 мекемесінде 800-ден астам сотталған жазасын өтейді. Шара аясында 75 сотталған өз өтініштерімен жүгінді. Оларды қабылдау барысында қылмыстық істері, жаза мерзімі бойынша неғұрлым жеңіл жазаға ауыстыру және құжаттандыру мәселелері, мекеме аумағынан кәсіп ашу, сотталғандардың арасында некеге тұру бойынша, денсаулық жағдайы, атқару парақтары жөнінде сұрақтарын қойды. Жазасын өтеушілерді мұқият тыңдаған басшылар олардың сұрақтарына толыққанды жауап берді.

– Бүгінгі шарада АХАТ маманына некеге тұру туралы сұрақпен жүгіндім. Сотталғанға дейін азаматтық некеде тұрғанмын, енді заңды түрде некеге тұрғым келетінін айттым. Сала маманы некеге тұрудың шарттары мен тәртібін түсіндіріп берді. Ұйымдастырушыларға алғысым шексіз, – деді сотталған азамат.

Шара соңында ҚАЖ департаменті басшылығы осындай бағыттағы іс-шара алдағы уақытта жазасын өтеушілерге тұрақты түрде өткізілетіндігін айтты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру