Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмолада анасымен болған жанжалдан кейін үйден кетіп қалған жасөспірім табылды

Ақмолада анасымен болған жанжалдан кейін үйден кетіп қалған жасөспірім табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

15 наурыз күні Қосшы қаласының полиция бөліміне жергілікті тұрғыннан 14 наурыз күні кешкі сағат 23:00 шамасында жанжалдан кейін үйден белгісіз бағытта кеткен кәмелетке толмаған қызын іздеуге жәрдемдесу туралы телефон арқылы хабарлама келіп түсті. Сәтсіз іздеуден кейін әйел полицияға жүгінген.

15 жастағы ақмолалықтың жоғалып кету фактісі бойынша полиция бөлімінің қызметкерлері дереу шығып, оның орналасқан жерін анықтау бойынша алғашқы іздестіру іс-шараларын жүргізді.
Тәртіп сақшылары жасөспірімнің баруы мүмкін барлық жақын аумақтар мен бағыттарды тексеріп өтті. Қабылданған шаралардың нәтижесінде қыз Лесная Поляна тұрғын ауданы аулаларының бірінен табылып, анасына тапсырылды.

Кәмелетке толмағанға қатысты үйден тыс уақытта ешқандай заңсыз әрекеттер жасалмағаны анықталды.

Баламен және оның анасымен профилактикалық әңгіме жүргізілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру