Қызылорда облысында су айдайтын насос ұрлаған азамат ұсталды
Жерлесінің су айдайтын насосын ұрлап кеткен ауыл тұрғыны ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызылорда облысы Полиция департаментінің Сырдария аудандық полиция бөліміне 1 қарашада Н.Ілиясов ауылының тұрғыны үй ауласындағы сарай ішінен су айдайтын насосын белгісіз біреулердің ұрлап кеткені туралы хабарлаған.
Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында полиция қызметкерлері осы қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 49 жастағы ауыл тұрғынын ұстады.
Айғақ зат алынып, иесіне қайтарылды.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-бөлігінің 3-тармағы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.