Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада телефондарды палауға жасырып, тергеу изоляторына өткізбек болған ер адам ұсталды

Қызылордада телефондарды палауға жасырып, тергеу изоляторына өткізбек болған ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылордада ЗК-169/1 мекемесінің сәлем-сауқаттарды қабылдау бөлмесінде ыстық тағам арасына бірнеше ұялы телефон салып өткізбекші болған азамат ұсталды.

Ә. есімді азамат Қызылорда қаласы ЗК-169/1 мекемесінде қамауда отырған, ҚР ҚК-нің 293-бабының 3-бөлігі (Бұзақылық) бойынша айыпталушы 28 жастағы Б. есімді танысына сәлем-сауқат алып келген. Тексеру барысында палаудың ішінен үш телефон және бір қуаттағыш, үш SIM-карта тәркіленді.

Қазіргі таңда аталған факт бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 481-бабына сәйкес (Қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде, арнаулы мекемелерде ұсталатын адамдарға тыйым салынған заттар, бұйымдар мен нәрселер беру) әкімшілік материалдар жиналып, сотқа жіберілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру