Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада терезесі күңгірттелген көліктің жүргізушілері жауапқа тартылды

Қызылордада терезесі күңгірттелген көліктің жүргізушілері жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz

Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, жол қауіпсіздігінің алдын алу және жол қозғалысы ережелерін сақтау мақсатында Қызылорда қаласы Полиция басқармасының патрульдік полиция батальон қызметкерлері жол ережесін бұзушыларды анықтауға бағытталған іс-шараларды тұрақты түрде өткізуде. Қазіргі таңда жыл басынан бері терезесі күңгірттелген көліктің үш мыңнан астам дерегі анықталды.

Мәселен, күні кеше полицейлер әкімшілік аумақта қызмет атқару барысында Daewoo Nexia, Lada granta, Ваз-2104 көлігін жол қозғалысы ережесін бұзып, терезесін күңгірттеп алғаны үшін тоқтатып, сол сәтте бірден көлік терезесін күңгірттеген жапсырма алынып тасталды.

Жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған жүргізушілерге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 5-бөлігі бойынша хаттамалар толтырылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру