Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада тротуарда көлік жүргізген азамат анықталды

Қызылордада тротуарда көлік жүргізген азамат анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

25 ақпан күні Tik Tok мессенджеріне мониторинг жүргізу барысында Қызылорда қаласы аумағында Mercedes Benz автокөлігін басқарған азаматтың жаяу жүргіншілерге арналған жолмен жүрген бейнежазбасы анықталған.

Қызылорда қаласы полиция басқармасының патрульдік полиция батальон қызметкерлері жол ережесін бұзушыны анықтауға бағытталған қажетті іс-шараларды жүргізді. Полицейлер 20 жастағы жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 596-бабының 1 бөлігімен әкімшілік шара көріп, автокөлік айып алаңына қойылды.

Қызылорда полицейлері тұрғындарға жол қозғалысы ережесін сақтауды қатаң ескертеді. Көлікті қажетті құжатсыз басқармау керек. Жол қозғалысы ережелерін бұзудың соңы – жүргізуші куәлігінен айыруға, әкімшілік қамауға немесе қылмыстық жауапкершілікке әкелуі мүмкін.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру