Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада тұрғын мас күйде өзгенің көлігін айдап әкеткен

Қызылорда қалалық ПБ Ақсай полиция бөлімінің қызметкерлері бөтен көлікті айдап кеткен 36 жастағы қала тұрғынын ізін суытпай ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz

Анықталғандай, 14 қыркүйек күні 102 арнасына қала тұрғынынан белгісіз біреулер көпқабатты үйінің ауласында тұрған ВАЗ-2114 автокөлігін айдап кеткендігі жөнінде хабарлама түскен. Жүргізілген жедел-іздестіру жұмыстары нәтижесінде патрульдік полиция қызметкерлеріне бағыт бағдар беріліп, қала аумағында өрескел құқық бұзушылық жасағаны үшін күдікті автокөлікті тоқтатқан.

Тексеру барысында ол ұрланған автокөлік екені анықталып, қала тұрғыны көлікті масаң күйде басқарғаны белгілі болды.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 200-бабының 1-бөлігімен (Автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену (айдап әкету)) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Сонымен қатар, құқық бұзушыға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабының 1-бөлігімен (Жүргізушінің алкогольден масаң күйде көлік құралын басқаруы) әкімшілік хаттама толтырылды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы шарасы қолданылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру