Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада түзеу мекемесінде сотталғандардың 77,7% жұмыспен қамтылған

Қызылордада түзеу мекемесінде сотталғандардың 77,7% жұмыспен қамтылған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЗК-169/4 қауіпсіздігі барынша төмен мекемесінің әкімшілігі сотталғандарды жұмыспен қамтуда. Мекемеде жазасын өтеп жүрген сотталғандарды жұмыспен қамту, жаңа жұмыс көздерін ашу мақсатында жеке кәсіпкерлермен әріптестік қарым-қатынас орнатылуда. Соның нәтижесінде мекемедегі жазасын өтеушілердің 77,7% жұмыспен қамтылған.

Мекеменің сотталғандарды жұмыспен қамту қызметкерлері үш сотталғанды Қызылорда қаласындағы «Сыр жиһазы» кәсіпорнына жұмысқа орналастырды. Цехта сотталғандар басқа да азаматтар ағаштан түрлі бұйымдар, есік, терезелер мен жиһаздар жасайды.

Жазасын өтеуші Бақытбектің айтуынша, мамандығы ағаш ұстасы болған соң, ағашпен жұмыс жасау қиындық тудырмаған.

– Бала күнімде әкемнің жанында жүріп үйренгенім көп болды. Жалпы ағаштан түйін түйіп, ерекше бұйым дайындау шыдамдылықты, төзімділікті талап етеді. Айлық жалақымыз да уақытылы дейді, – сотталған.

Мекеме бастығының міндетін атқарушы Айбол Махашевтің айтуынша, 30 кәсіпкермен келісім-шарт негізінде сотталғандар жұмыспен қамтылған. Олардың айлық табысының 50% мемелекетке, жеке тұлғаға келтірген шығындарын төлейді, ал қалған бөлігін өздеріне, отбасыларына жаратады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру