Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте тәулік ішінде көлік терезесін күңгірттеген 90 жүргізуші жауапқа тартылды

Шымкентте тәулік ішінде көлік терезесін күңгірттеген 90 жүргізуші жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласы Полиция департаменті ЖПҚБ Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері тәулік бойы атқарылған жұмыс барысында күңгірттеу (тонировка) бойынша 90 жайтты анықтаған.

Мәселен, тәртіп сақшылары қызмет атқару барысында терезесі күңгірттелген Toyota маркалы автокөлікті байқап, тоқтатқан. Көлік терезесі күн сәулесі өту мөлшері ережесіне сай келмеген. Автокөлік жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 5-бөлігімен (Көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу) хаттама толтырылды.

Осы орайда, осындай әкімшілік құқық бұзушылыққа жол берген жүргізушілерге техникалық регламенттердің, ұлттық стандарттардың талаптарына сай келмейтiн, сондай-ақ көлік құралдарын пайдалануға тыйым салынатын ақаулар мен жағдайлары бар көлiк құралдарын басқару 5 АЕК мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғатыны туралы түсіндірілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру