Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ІІМ Тергеу департаментінде онлайн режимінде ғылыми-практикалық конференция өтті

ІІМ Тергеу департаментінде онлайн режимінде ғылыми-практикалық конференция өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мемлекет басшысы 1 қыркүйектегі “Халық бірлігі және жүйелі реформалар – Ел өркендеуінің берік негізі” атты Қазақстан халқына Жолдауында интернет-алаяқтардың, қаржы пирамидалардың, кәмелетке толмағандардың, әсіресе ата-анасының қамқорлығынсыз қалғандардың жыныстық қолсұғылмаушылығына қарсы және есірткі, оның ішінде синтетикалық есірткі құралдарының таралуы қылмыстардың алдын алу практикалық мәселелеріне ерекше назар аударады.

Осы тапсырмаларды іске асыру мақсатында ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділовтың басшылығымен 7 қазанда онлайн режимінде “Қылмысқа қарсы күрестің практикалық мәселелері: Мемелекет басшысы Қ. Тоқаевтың негізгі бағыттарын іске асыру” тақырыбында ғылыми-практикалық конференция өткізіліп, құқық қолдану практикасының проблемалары және көрсетілген қылмыстарға қарсы іс-қимыл мен тергеу бойынша шаралар әзірленді.

Конференцияға аумақтық тергеу бөліністердің басшылары, отандық жетекші ғалымдар, Б.Бейсенов атындағы ІІМ Қарағанды академиясы, М.Нәрікбаев атындағы ҚазМЗУ ректорлары, профессорлық-оқытушылық құрамы қатысты.

Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов өз баяндамасында осы бағыттағы міндеттерді шешу үшін кешенді тәсіл және мемлекеттік органдар мен қоғамдық институттардың іс-қимылдарының үйлесімділігі қажет екенін атап өтті.

Іс шарада Б.Бейсенов атындағы ІІМ Қарағанды академиясы қаржы пирамидаларының фактілерінің, ақпараттандыру және байланыс құқық бұзушылықтар, сондай-ақ криптовалюталарды пайдалана отырып жасалатын қылмыстардың алдын алу, ашу, тергеуі бойынша әдістемелік ұсынымдарды, “алаяқтардың құрбанына айналмау” жадынамаларды ұсынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру