Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада ұры автокөлік дискілерімен бірге 50 келі құйрық майды қолды қылған

Қызылорда қаласында автокөлік дискілерін ұрлаған күдікті өзімен бірге 50 келідей құйрық майды алып кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақпан айында облыс орталығы тұрғынының ауласынан белгісіз біреулер «ЗИЛ» автокөлігінің төрт дана дискісін, сондай-ақ мұздатқыштан 50 келі қойдың құйрық майын ұрлап кеткен. Келтірілген шығын 170 000 теңгені құрады.

1 наурызда жәбірленуші ұрлық фактісі бойынша Қызылорда қалалық Полиция басқармасына жүгінген. Полиция қызметкерлері дереу жедел-іздестіру шараларына кірісіп, нәтижесінде осы қылмысты жасауға күдікті 1989 жылы туған қала тұрғыны ұсталды.

Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Қызылорда қалалық Полиция басқармасы азаматтарға сақ болуды және тұрғын үйлерге бейнебақылау камералары мен күзет дабылын орнатуды ұсынады. Сондай-ақ, пәтер ұрлықтарының алдын алу үшін кіреберіс есіктерге сенімді құлыптар, ал терезелерге темір торлар орнату қажет.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру