Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте “ұрланған” қыз алып қашу операциясының болмағанын айтты

Шымкентте 3 наурыз күні орын алған “қыз алып қашу” операциясының кейіпкері өзіне қатысты зорлық-зомбылық әрекеттерінің болмағанын, тек жігітімен ренжісіп қалғанын айтып берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылдың 3 наурызында сағат 20:00 шамасында Шымкент қаласы ПД Әл-Фараби аудандық Полиция басқармасына қаладағы қонақ үйлердің бірінің алдында “Lexus” маркалы автокөлікке белгісіз біреулердің жас қызды мәжбүрлеп салып алып, кетіп қалғаны туралы хабарлама келіп түсті.

Жедел-тергеу тобы оқиға орнына дереу жетіп, мән-жайды анықтады. Әлеуметтік желілерге жүктелген бейнежазбаның кейіпкері болып табылатын 1999 жылы туған азаматша өзінің жігітімен ренжісіп қалғанын және оның көлігіне өз еркімен отырғанын, сондай-ақ ешкімге арыз-шағымы жоқ екенін, куәгерлердің болған жағдайды дұрыс түсінбей, полицияға хабарлағанын жеткізді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру