Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Аққулы ауданының ПБ бастығы халыққа онлайн форматта есеп берді

4 наурыз күні Аққулы ауданы полиция бөлімінің бастығы Тасқын Бодиев Павлодар облысы Полиция департаментінің бастығы Нұрлан Мәсімовтің қатысуымен аудан тұрғындарына есеп берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Кездесу барысында Тасқын Бодиев аудандағы жедел ахуал туралы айтып берді. Мәселен, өткен жылы полиция қызметкерлері қабылдаған шаралар нәтижесінде қоғамдық орындар мен көшелерде жасалған құқық бұзушылықтар, қылмыстар саны азайған. Сонымен қатар, ұрлық 63% -ға, оның ішінде пәтер ұрлығы 66%-ға және мал ұрлығы 62%-ға төмендеген. Сонымен қатар, ауданда жол-көлік оқиғалары мен солардың салдарынан жарақат алып, қаза тапқандар саны азайған.

Тасқын Бодиев Аққулы ауданының аумағында 10 учаскелік полиция пункті орналасқанын атап өтті. Кездесу барысында аудан тұрғындары
ұсыныстары мен өтініштерін айтып, полицейлердің жұмысына алғысын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру